
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының бұйрығымен Азамат Гауанұлы Көпобаев 2024 жылғы 23 желтоқсаннан бастап Сарыкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Көпобаев Азамат Гауанұлы, 1990 жылы 30 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2014 жылдың мамыр айында Рудный қаласы бойынша салық басқармасының ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы болып бастады.
Кейіннен мемлекеттік кірістер органдарының түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап Департамент бөлімдерінің басшылары қызметін атқарды.
Алдыңғы жұмыс орны – Меңдіқара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы
Жалпы еңбек өтілі-11 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі-10 жыл
Мемлекеттік қызмет өтілі-10 жыл 7 ай.