
Қостанай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды адамдары Қостанай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 6-тармағын, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 1-тармағының 16-тармақшасын бұзуды жүзеге асыру фактісі бойынша алкоголь өнімін рұқсатсыз сату (лицензиясыз) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған «Т» жеке кәсіпкері анықталды.
Мәселен, 19.01.2023 жылы Тобыл қаласындағы «Т» жеке кәсіпкері «М» көшесінде өткізу үшін сыйымдылығы 10 литр 20 дана пластикалық канистрлерді, сыйымдылығы 5 литр 7 дана 235 литр этил спирті бар пластикалық бөтелкелерді сақтады және тасымалдады.
«Т» жеке кәсіпкері өзіне айыпталған әрекетті жасағаны үшін кінәні толық мойындады.
Осы іс бойынша басқарма қызметкері «Т» дара кәсіпкеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасады, Қостанай аудандық сотына қарауға берілді, оларға «Т» ЖК әкімшілік құқық бұзушылық жасау нысанасын тәркілей отырып, көрсетілген бап бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы шығарылды.
Қостанай ауданы бойынша МКБ