
Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайлары болып табылатын барлық жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00- нысан) (бұдан әрі – Декларация) ұсына бастады.
Декларация декларацияны табыстау жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндемелерінің бар жоқтығын көрсетуге арналған.
Бұл ретте бейрезиденттер, коммерциялық емес ұйымдарың құрылтайшылары (қатысушалыры) және акционерлері декларацияны ұсынудан босатылды.
Атап кетсек, декларацияны тапсыру мерзімі 2024 жылдың 15 қыркүйекте аяқталады, салықтық міндеттемені уақытылы орындамау мәселесі туындамас үшін, декларацияны алдын ала табыстауды ұсынамыз.
Декларация тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша ұсынылады
Электрондық сервис арқылы декларацияны электрондық түрде, ұсыну тәсілдері салық төлеушінің кабинетті (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы(egov.kz) және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшалары арқылы табысталған.
Декларацияны тапсыру туралы нұсқаулықты qostanai.salyq.kz сайтында қарауға болады(https://www.instagram/com/reel/C-CbzSABBqe/?igs=MTYeTBod3I1b2RoNQ==)
.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы