
2024 жылғы 7 қарашада Қостанай қаласы бойынша МКБ басшысы Азамат Нұрлыбайұлы Қожұқовтың қатысуымен 2024 жылғы 10 айдың жұмыс қорытындысы бойынша брифингі өтті.
Азамат Нұрлыбайұлы өз сөзінде қатысқан журналистерді басқарманың 10 айдағы негізгі қызметінің қорытындыларымен таныстырды.
Сондай-ақ, брифингке қаланың блогерлері мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Басшы бюджеттің атқарылуы бойынша есеп берді, әкімшілендіру нәтижелерін және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы айтты.
Брифинг соңында Азамат Нұрлыбайұлы қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы