
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы апта сайын бейсенбіде ZOOM конференциясы арқылы офлайн және онлайн режимде ашық есік күндерін өткізеді. Ашық есік күндері сұрақ-жауап форматында өтеді.
Аталған іс-шараның мақсаты-салық және кеден заңнамасының нормаларын түсіндіру.
Ең жиі қойылатын сұрақтар: Жеке кәсіпкерлікті қалай ашуға болады, 250.00 нысанды декларацияны қалай ұсынуға болады, қызметті қалай тоқтатуға болады және басқалар.
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.