
2024 жылғы 10 қыркүйекте Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Қостанай қаласы бойынша МКБ-ның бас маманы Ж. Д. Тұрғанова қызмет көрсету саласы мәселелері жөніндегі салалық кеңестің отырысына қатысып, баяндама жасады.
Кездесуде Жанна Тұрғанова кәсіпкерлерге декларацияны кім және қашан тапсыру керектігін, арнайы салық режимдерін қолдану тәртібін, e-Salyq Azamat мобильдік қосымшасы арқылы артық төленген салық сомаларын қалай есепке жатқызуға/қайтаруға болатынын, жеке кәсіпкер ретінде қалай тіркелуге болатынын және т.б айтып берді.
Сондай-ақ, спикер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.