Жарияланған күні: 26.06.2024 14:40
Өзгертілген күні: 26.06.2024 14:42

Халықпен есептік кездесуді Қостанай қаласы бойынша МКБ басшысы Азамат Қожақов өткізді. Күн тәртібінде-Қостанай қаласы бойынша МКБ қызметінің 5 айдағы жұмыс қорытындысы баяндалды.

Баяндамашы кездесуге қатысушыларға 5 айдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджет жоспарының орындалуы 107,3% -. құрағанын айтты (жоспар бойынша 47,2 млрд. теңге 50, 6 млрд. теңге немесе 3,4 млрд. артық). Сондай-ақ, салықтық әкімшілендіруді басқару жүйесі, салық төлеушілерге мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі регламент туралы ақпаратты жеткізді, азаматтарды жалпыға бірдей декларациялау, жергілікті салықтарды төлеу мерзімдері, мобильді қосымшалар және салықтық әкімшілендірудің басқа да өзекті тақырыптары туралы еске салды.

Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы