
2023 жылғы 3 тамызда Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында салық төлеушілерге арналған семинар өткізілді.
Аталған семинарға "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының басшысы Т. Ж. Ақжанов, Қостанай облысы бойынша МӘСҚ АҚ филиалының маманы К. ж. Досумов, Қостанай қаласы бойынша ІІБ өкілдері басшының орынбасары Ж. И. Акилбекова, бас маман Ж. Д. Тұрғанова, бас маман Р. Г. Гафурова қатысты.
Салық төлеушілерге заңнамалық актілердегі өзгерістер туралы түсіндіру, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша электрондық сервистер және салықтық әкімшілендірудің басқа да өзекті тақырыптары туралы айтылды.
Семинардың қатысушыларына салықтық әкімшілендіру тақырыптары бойынша ақпараттық жадынамалар табысталды.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы