Жарияланған күні: 08.11.2024 14:47
Өзгертілген күні: 08.11.2024 14:47

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қостанай полиция басқармасымен және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешекті өндіріп алу шарасында азаматқа тиесілі Toyota Camry маркалы көлік құралы тәркіленді .Ұсталған көлік құралының иесінің көлік салығы бойынша 209 991 теңге берешегі болған. Осыған байланысты жеке сот орындаушысы осы көлік құралын арнайы автотұраққа орналастыру туралы акт жасады.
Егер иесі салық бойынша қарызды төлемесе, көлік аукционға шығарылуы мүмкін. Көлік құралын сату кезінде төлем сомасынан салық берешегі өтеледі, бұл туралы көлік иесіне ескертілді.
Анықтама бойынша: 2024 жылдың 9 айда Қостанай қаласы бойынша МКБ 127 рейдтік іс-шара өткізді, нәтижесінде 10 млн.теңгеден астам қаражат түсті.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы