
Қостанай облысы бойынша Мемлекетітк кірістер департаменті (бұдан әрі - Департамент) 15.03.2023 жылғы жағдай бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға 374 өтініш берілді. Оның негізгі критерийлері: (берешек 2023 жылы 5 млн. 520 мың теңгеден (1600 АЕК) аспауы керек, 12 ай ішінде берешекті өтеудің болмауы, сондай-ақ, тіркелген мүліктің болмауы, оның ішінде ортақ меншікте болуы, және банкпен реттеуді жүргізу) болып табылады.
Азаматтардың негізгі бөлігі берешек бойынша банктерге және МҚҰ реттеу рәсімінен өтуді түсіндіру үшін өтініш жасады.
Осыған байланысты, департамент басшысы С.А. Ахметов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - ҚРҚНРжДА) Қостанай қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасының басшысы А. А. Қуанышбаевпен кеңес өткізді.
Кездесу барысындағы реттеу рәсімін күшейту бөлігінде ұсыныстар айтылды, өйткені ҚРҚНРжДА Екінші деңгейдегі банктерді бақылау саласындағы уәкілетті орган болып табылады.