Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айбек Минаимбекович Паяев Департаменттің ер азаматтарының атынан барлық әріптес ханымдарды келе жаткан 8 наурыз мерекесімен құттықтады.
Өз құттықтауында ол 8 наурыз күні барлық әйелдердің құқығын еске салатын күн ғана емес, бұл әйелдердің біздің қоғамдағы атқарып отырған рөлінің, белсенді азаматтық ұстанымның символы екенін айтып өтті.
Қазіргі замандағы Қазақстан әйелінің бейнесі табиғат сыйлаған ең жақсы қасиеттерге толы. Бүгін мемлекеттік кірістер органдары ұжымының жұмысын Сіздердің қатысуларыңсыз, әйелдердің еңбегінсіз елестету мүмкін емес.
Бұған дәлел ретінде Қостанай-ҚРО кеден бекетінде жұмыс атқару үшін құрылған әйелдер батальонын айтуға болады, онда сенімдік және адалдық болатынына сенімдіміз.
Сондай-ақ барлығына зор денсаулық, отбасына амандық және әйел бақытын тіледі