Жарияланған күні: 16.03.2023 16:01
Өзгертілген күні: 16.03.2023 16:03

Өткен айда Қарабалық ауданының «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде жалпы салмағы 8,5 млн.теңгеден астам сомаға 5,7 тонна тауарларды (сантехникалық бұйымдар мен халық тұтынатын тауарлар) заңсыз әкелу әрекетін жасаған «Hyundai» және «Foton» маркалы 2 автокөлік құралы ұсталды.
Алаяқтық әрекеттер фактілері салық тәуекелдерін басқарудың ақпараттық жүйесін қолдану нәтижесінде анықталды.
Екі жағдайда да, белгіленбеген адамдар тауарға ілеспе құжаттаманы ресімдеу кезінде қатысы жоқ тұлғалардың деректемелерін заңсыз пайдаланған.
Жеке деректер, болуы ықтимал, әлеуметтік желілер сияқты интернет желісіндегі ақпараттың еркін көздерінен алынған.
Белгіленген бұзушылықтар бойынша департамент: тақырыптық салықтық тексеруді бастау және Ресей Федерациясының Федералды кеден қызметі органдарына ведомстволық бағыныстағы жүкті беру туралы шешім қабылдады.