
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Халықтық заңгер» республикалық акциясына қатысты
30 мамырда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өзекті сұрақтарына жауап беру мақсатында ұйымдастырылған «Халықтық заңгер» республикалық акциясына қатысты.
Іс-шара барысында департамент мамандары тұрғындарға тегін кеңес беріп, салық заңнамасына қатысты сұрақтарға жауап берді, салық төлеу тәртібін, электронды мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын, берешекті өтеу механизмін түсіндірді.Акция ашық форматта өтті — әрбір келуші салық органдарының өкілдерімен ғана емес, прокуратура, полиция, жеке заңгерлер мен адвокаттармен де тікелей сөйлесіп, кәсіби құқықтық көмек алды.Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Біз халыққа мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі түсінікті ету бағытындағы жұмысымызды жалғастыра береміз.