Жарияланған күні: 30.05.2025 18:01
Өзгертілген күні: 30.05.2025 18:03

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» байқауына қатысуда!

Құрметті Қостанай облысының тұрғындары!

Сіздерді «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» халықтық байқауы аясында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін қолдауға шақырамыз!

Біз күн сайын сапалы, қолжетімді және клиентке бағдарланған мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін еңбек етеміз.

Егер біздің жұмысымыз сіздің көңіліңізден шығып жүрсе – дауыс беріңіз!

Үміткерлер тізімімен танысып, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға өз үлесін қосып жүрген ұйымды таңдаңыз.

Дауыс беру 2025 жылғы 30 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді.

Әрбір дауыстың маңызы зор!

Күнделікті сіздер үшін еңбек етіп жүргендерді бірге қолдайық!