
«Қостанай облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ «Қостанай қаласының Мансап орталығы» филиалының базасында жастарға арналған мамандандырылған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Әрбір ниет білдіруші өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Азаматтардың айтуынша, бұл жәрмеңке мемлекеттік қызметшінің мәртебесі, Мемлекеттік кірістер органдарында жұмыс істеу перспективалары туралы ақпарат алудың тамаша тәсілі болып табылады, мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу үшін конкурстық рәсімдерге қатысу шарттарына қатысты түсініктемелер берілді. Департамент және «Қостанай облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ арасында тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Департаментте жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру бойынша «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар» және «Бірінші жұмыс орны» бағдарламалары бойынша келісімшарттар жасалды