Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде
2016 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.
2016 жылғы 19 мамырда Қостанай облысы бойынша МКД-да аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары және кеден бекеттерімен бейне конференция арқылы 2016 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.
Кеңесте Департамент басшысы А.М. Паяев аумақтық басқармалардың есептілік мерзімінде жіберген кемшіліктерін көрсетіп, оларды шешу жолдарын талқылады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Департамент алдында тұрған міндеттерді орындау бойынша жұмысты күшейтуге тапсырма берілді.
Кеңес барысында Департамент басшысының салық блогы бойынша орынбасарлары С.А. Ахметов, кеден блогы бойынша Т.А. Арысбаев, ЭТҚ бойынша Б.А. Максимгереев, АРБ басшысы А.К. Джурабаевалар баяндама жасады.