Жарияланған күні: 31.03.2017 17:04
Өзгертілген күні: 31.03.2017 17:05

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Консультативтік кеңес өтті

 

2017 жылғы 31 наурызда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Консультативтік кеңес өткізді.

Консультативтік кеңесте күн тіртібі бойынша Астана-1 АЖ пилоттық жобаны енгізу туралы мәселе қарастырылды.

Баяндаушы,  Кедендік бақылау басқармасының басшысы  А.А.Ли оларға  қатысты әкелу кедендік бажды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген, сондай-ақ арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кеден аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және билік ету бойынша шектеулермен түйіндес шетелдік тауарлар туралы айтып өтті.     

Сондай-ақ, арнайы инвестициялық келісімшарттар шеңберінде кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілетін шетелдік тауарлармен кедендік операцияларды  жасау процесін тиісті деңгейде ұйымдастыру мақсатында әзірленген нормативтік құқықтық актілерге назарды аударды. Бірқатар бұйрықтарға толығырақ тоқталды.    

 

Түсіндіру жұмысы басқармасы