Жарияланған күні: 26.02.2016 16:53
Өзгертілген күні: 26.02.2016 16:55

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салық және кеден заңнамаларын жетілдіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңес өтті

          2016 жылғы 25 ақпанда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кеден және салық заңнамаларын жетілдіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңес өтті.

Кеңеске Консультативтік кеңестің, жұмыс тобының мүшелері қатысты. Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:

-       Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға енуіне байланысты салық кодексіндегі өзгерістер.

-       Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға енуі шеңберінде кедендік әкімшілендіру.

-       Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Кеңес отырысын Департамент басшысы А.М. Паяев ашты, ол Қазақстан ДСҰ-ға қосылуға өтінімді 1996 жылы бергенін айтты. 2015 жылғы 27 шілдеде ДСҰ Бас кеңесі өз отырысында Женева қаласында Қазақстанды ұйымға қосу бойынша құжаттар пакетін бір ауыздан бекітті. Осы күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев және Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведо қосылу туралы хаттамаға қол қойды. 2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан аталмыш ұйымның толық құқылы мүшесі атанды. ДСҰ-ға мүшелік салық және кеден заңнамаларына өзгерістер әкелді.

Күн тәртібі бойынша баяндамалар жасады:

-       ЖСӘБ бөлім басшысы А.С. Муканов «Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға енуіне байланысты салық кодексіндегі өзгерістер»;

-       КРБ басшысы С.И. Гусейнов «Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға енуі шеңберінде кедендік әкімшілендіру»;

-       ІҚБ басшысы м.а. М.М. Буженов «Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу».

КК отырысы  барысында мүшелер қойған  сұрақтарға түсіндірулер берілді.

        Кеңесте қорытындылай келе, Кеңес төрағасы А.М. Паяев барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді және жұмыста табыс тіледі.