Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңес өтті
2016 жылғы 16 қарашада Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңес өтті.
Отырысқа Консультативтік кеңестің және Жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне келесі тақырыптар қаралды:
- «Лицензиялық алым» (баяндамашы ЖСӘБ басшысы М.Б.Альмагамбетов);
- «Оңалту процедурасының механизмі. Салықтар және өсімбер бойынша мерзімді ұзарту» (баяндамашы БЖБ басшысы Сагындыкова В.Е.);
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу шеңберінде «2015 жылдың үздік салық төлеушісі», «СЭҚ үздік қатысушысы», «Үздік кеден өкілі» атағына ие болу конкурстарының жеңімпаздарына дипломдарды табыс ету.
Департамент басшысы А.М.Паяев отырысты Консультативтік кеңестің күн тәртібімен таныстыра отырып, құттықтау сөзімен ашты.
Отырыс барысында Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры М.Т.Абенов біздің МКК-ге әзірлеген хатымызға заңнамаға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу үшін бірқатар ұсынымдар қосуды ұсынды, атап айтқанда, ӘҚБтК-де бұзушылықты жойған жағдайда лицензия әрекетін мерзімінен бұрын қайта жалғастыру, алкоголь өнімдерінің бөлшек саудасын жүзеге асыратындар үшін лицензиялық алымды уақытылы төлемеген жағдайда бизнес субъектілерінің әкімшілік жауапкершілік санкцияларының сомасын төмендету мүмкіндігін, ЖК-нің кәсіпкерлік әрекетін уақытша тоқтату кезеңінде лицензиялық алымды төлеуден босату мүмкіндігін, сондай-ақ ауылдық елді мекендер және ауылдар үшін лицензиялық алымның ставкаларын теңестіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Біздің ел үшін маңызды, тәуелсіз Қазақстан Республикасы мемлекетінің қалыптасуы күнінің 25 жылдығын, сондай-ақ салық және кеден органдары құрылуының 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында, Консультативтік кеңестің ағымдағы жылдың қорытынды отырысында Қостанай облысының кәсіпкерлері арасында жыл сайынғы «Үздік салық төлеушісі», «СЭҚ үздік қатысушысы», «Үздік кеден өкіл» конкурстарының 8 номинациясы бойынша жеңімпаздарды құттықтау салтанаты өтті:
- «Патент негізінде арнаулы салық режимі» номинациясында жеңімпаз болып – Жеке кәсіпкер Ботбаев Марат Айткулович танылды.
- «Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі» номинациясында 2015 жылдың үздік салық төлеушісі болып - "Бак-ЛИЧ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылды.
- «Шаруа немесе фермер қожалықтары негізінде арнаулы салық режимі» номинациясында 2015 жылдың қорытындысы бойынша үздік болып – жетекшісі Владимир Иванович Семейкин болып табылатын "ТЭРРА" шаруа қожалығы танылды.
- «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимі» номинациясында 2015 жылдың үздік салық төлеушісі болып - "Сарыагаш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылды.
- «Жалпыға ортақ режимі» номинациясында 2015 жылдың үздік салық төлеушісі болып - "Автодом Костанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылды.
- «Үздік кеден өкілі» номинациясында үздік болып – «Акцепт Customs» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қостанай филиалы табылды.
- «Сыртқы экономикалық қызметке үздік қатысушы» конкурсының лауреаттары болып - «ССГПО» акционерлік қоғамы және «САРЫАРКААВТОПРОМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорындары анықталды.
Қорытындай келе, А.М.Паяев конкурстың жеңімпаздарын, экономиканың дамуындағы қиын жағдайда озық орынды биік ұстауға мүмкіндік берген үлкен еңбектеріне алғыс білдірді және біздің екі салық төлеушіміз «ССГПО» АҚ және «Сарыгаш» ЖШС республикалық деңгейдегі конкурсқа қатысатынын атап өтті.
Түсіндіру жұмысы басқармасы