Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Зияткерлік меншік құқығын бақылау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2016 жылғы 01 ақпанда Департманет басшысының орынбасары Т.А.Арысбаевтың және «Сантой» ЖШС басшысының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында зияткерлік меншік объектілері мәселелері талқыланды.
«Сантой» ЖШС директоры Д.Г.Баймуханбетовке тауар белгілерін зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу тәртібін, аталмыш Тізілімге енгізілген, зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың шығарылуын тоқтату тәртібін және Кедендік тізілімге енгізілмеген, ЗМҚ бар тауарлардың шығарылуын тоқтату ерекшеліктерін регламенттейтін «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» ҚР кодексінің ережелері түсіндірілді.
Сондай-ақ тауарлық белгілері бар тауарларды әкелу кезінде аталмыш тауарлық белгілерінің «kazpatent.kz» ресми сайтында Әділет органдарында тіркелуін тексеру қажеттілігі туралы ақпарат ұсынылды.
Т.А.Арысбаев атап өткендей, бұл тауарлық құқық иеленушілердің құқығын бұзуға жол бермейді, кедендік бақылау рәсімдерінің жүргізілуін тездетеді және жалпы сыртқы экономикалық қызмет үшін қолайлы жағдай жасайды.
Департаментте жекелеген НҚА ережелерін түсіндіру, жаңа тауарлық белгілер туралы, уәкілетті импортерлер туралы келіп түскен ақпаратпен таныстыру бойынша аталмыш жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде, зияткерлік меншік объектілеріне қатысты СЭҚ-қа қатысушылар үшін ақпарат ай сайын МКД-ның сайтында орналастырылуда.