Жарияланған күні: 11.11.2016 19:29
Өзгертілген күні: 11.11.2016 19:36

Қостанай облысы бойынша МКД-ті «Түбіртекті талап ет – жүйеге ие бол!» акцияның жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етті

 

2016 жылдың 08 қарашасында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәжіліс залында кәсіпкерлердің «Атамекен» Ұлттық палатасының қолдауымен «Түбіртекті талап ет – жүйеге ие бол!» акциясының қазан айының жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларына салтанатты түрде бағалы сыйлықтар табыс етілді.

   Қазан айының нәтижесі бойынша 3 жеңімпаз анықталды, олар:

1.Александр – Лисаковск қаласынан,  түбіртек №2052052, сыйлық ұялы телефон ;

2. Нина - Ұзынкөл ауданынан, түбіртек №2129480, сыйлық мультиварка;

          3. Ирина – Таран ауданынан, түбіртек №2052052, сыйлық блэндер.

Сонымен қатар, акцияның ең белсенді қатысушысы Рудный қаласының тұрғыны Ольгаға ынталандыру сыйлығы табысталды, ол тек қазан айының өзінде 360 түбіртек жолдаған.

Қатысушылармен қазан айында барлығы 11 000 түбіртек жолданған.

Еске саламыз, акцияға қатысу үшін смартфонға «Wipon» тегін қосымшасын көшіріп, түбіртектің суретін жолдау ғана қажет. Акция ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін жалғасады, және басты сыйлық – көлікті ойнату, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер Комитетінде өткізіледі.     

Акцияның басты мақсаты – тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру, тұтынушыларға қызмет көрсетудың мәдениеті мен сапасын көтеру, көлеңкелі экономика көлемін төмендету есебінен республикалық және жергілікті бюджетке салықтардың түсімін ұлғайту. 

 

 

Департаменттің баспасөз қызметі