
Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Департаменті ұйымдастырған Спартакиада өтті.
Спартакиада 2024 жылғы 20-23 маусым аралығында Лисаков қ. стадионында өткізілді, оған Қостанай облысының мемлекеттік қызметшілері арасынан командалар қатысты.
Жарыс спорттың алты түрінен өтті: шағын футбол, волейбол, қазақша күрес, үстел теннисі, жүзу және гір спорты.
Іс-шара дәстүрлі түрде мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру, мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты насихаттау, оларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, салауатты өмір салты қағидаттарын енгізу және ұжымдарда достық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында өткізіледі.
Мемлекеттік кірістер органдары шетте қалмады, сондай-ақ белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы Қайырбек Орынбеков шахматтан мемлекеттік қызметшілер арасында 1 орынды,
Қостанай ауданы бойынша МКБ салықтық бақылау бөлімінің басшысы Жанболат Берікбаев еркін стильде жүзуден 1 орынды және Арқада жүзуден 2 орынды ,Қостанай ауданы басшысының орынбасары Жәнібек Тұрағұлов үстел тенниске екінші орынды иеленді.
Қатысушыларды құттықтаймыз және одан әрі жеңістер тілейміз!