
Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының «Салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің
(бұдан әрі – Салық кодексі) 574 – бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан
Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес айқындалған I, II және III
санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаға теріс әсер еткені
үшін төлемақыны (бұдан әрі - төлемақы) төлеушілер болып табылатынына
назар аударады (объектілердің санаттарын анықтау үшін қоршаған ортаны
қорғау саласында уәкілетті органдарға жүгіну қажет).
Сондықтан, санаттауға жатпайтын объектілер үшін және IV санатқа
жататын объектлердің операторлары – салық төлеушгілер төлеген төлемақы
сомалары қате төленген болып табылады.
Осыған байланысты, Салық кодексінің 103-бабына сәйкес жоғарыда
аталған салық төлеушілер (оның ішінде жылжымалы көздер арқылы
ластаушы) қате төленген төлемақы сомаларын есепке жатқызуға, қайтаруға
құқықтары бар.