Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Әдеп кодексі салаларындағы заңнамаларынды талаптарын орындау бойынша қоғамдық қабылдау жұмысы істейді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің 2016 жылғы 05 қыркүйектегі шғ: 05-13/2977 хатына сәйкес, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен Қостанай облысының «ГрИн» ҚҚ Азаматтық альянсімен бірлесіп, «Азаматтық бақылау» жобаcын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Әдеп кодексі салаларындағы заңнамаларынды талаптарын орындау бойынша қоғамдық қабылдаудың ресми ашылуын өткізгенін хабарлайды.
Қоғамдық қабылдау: Қостанай қаласы , 1 май көш., 151 үй, каб. 8а мекен-жайы бойынша орналасқан. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма (сенбі,жексенбі демалыс), 09.00-18.00 сағ., түскі үзіліс 13.00-14.00.
Қоғамдық қабылдау бекітілген кесте бойынша күнделікті мемлекеттік органдардың өкілдерімен кеңес беріледі. Жұмыс кестесімен Департамент және Азаматтық Альянс сайттарында, немесе Қостанай қаласы , 1 май көш., 151 үй мекен-жайы бойынша орналасқан қоғамдық қабылдаудың өзінде танысуға болады.