Жарияланған күні: 14.10.2024 17:12
Өзгертілген күні: 14.10.2024 17:13

Құрметті салық төлеушілер, СЭҚ қатысушылары!

Ағымдағы жылдың 14-қазанынан бастап салық және кеден мәселелері бойынша кеңесті мемлекеттік кірістер органдарынан бейнебайланыс арқылы ала аласыз.

Біз кеңес алуды мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ қарапайым, ыңғайлы және қолжетімді болуына аса мән берудеміз.

Төменде көрсетілген арнайы Qr кодын немесе https://kgd.qosyl.kz.сілтемесін басу жеткілікті. Бейнеқоңырау тегін.

Салық және кеден қызметтері мәселелері бойынша кеңес алу үшін сервис терезесінен "Өңір" жолынан қажетті облысты немесе республикалық маңызы бар қаланы, салық/кеден міндеттемелерін орындаудың өзге де мәселелері бойынша – МКК таңдаңыз (Мемлекеттік кірістер комитеті).

Жұмыс тәртібі: жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма), сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Бейне-қоңырауларға арналған Qr коды.