Жарияланған күні: 27.08.2025 08:32
Өзгертілген күні: 27.08.2025 08:33

Жаңа оқу жылының қарсаңында Лисаков қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясына қатысты.

Шараның мақсаты – оқу жылына

дайындық барысында көмекке мұқтаж балаларды қолдау.

Акция аясында 7-сынып оқушысына қажетті оқу құралдары мен материалдар табысталды. Бұл оған жаңа оқу жылын сәтті бастауға мүмкіндік береді.

Осындай игі бастамалар сапалы білім алуға жағдай жасауға, көмекке зәру отбасыларды қолдауға, сондай-ақ болашақ ұрпаққа қамқорлық пен өзара жәрдемдесу құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.