Жарияланған күні: 13.10.2016 16:29
Өзгертілген күні: 13.10.2016 16:34

Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының

сот орындаушыларымен бірлесіп жүргізген тексерулері

2016 жылғы  қазанның 4-де Лисаков қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, сот орындаушыларымен бірге,   көлік құралдарына салық  және әкімшіліктік айыппұлды төлемеген салық заңнамаларын орындамаған тұлғаларды әшкерелеу    ұшін бірлесіп тексерулер жүргізді.

Аталып отылған тексерудің  мақсаты қасақана  төлемеушілерді анықтап және  олардан мәжбүрлеу шаралары арқылы өндіру, соның ішінде борышкерге тиесілі  мүлкіне тыйым  салу және т.т.

Жәнеде жол полициясы қызметкерлерімен  бірлесе отырып тексерулер жолдарда да   үнемі өткізіліп  отырады. Бұндай бірлесіп өткізілген тексеру іс-шарасының өткізілуіне барлық  қатысушылар  мүдделі. Өткізілетін іс-шаралар   барысында көлік иелерінің құқығы мен міндеттері және  еріксіз өндіріліп алу шаралары бар екендігі түсіндіріледі. Ағымдағы жыл басынан  20 бірлескен тексерулер атқарылды, нәтижесінде қала бюджетіне 715 мың теңге түсті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Управление государственных

доходов по городу Лисаковск