Жарияланған күні: 26.09.2024 17:58
Өзгертілген күні: 26.09.2024 17:58

Осы аптада Акцияның Жеңімпазы Лисаков қаласының тұрғыны болды. Ұтыс ойынының жеңімпазы Instagram-да тікелей эфирде таңдалды, ал бүгін Галина Карибаеваға сыйлық ресми түрде табысталды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп " Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!». "Мен акция туралы Лисаков қаласы бойынша МКБ-ның қызметкерінің Whatsapp желісі арқылы білдім. Мен әдетте барлық ұтыс ойындарына күмәнмен қараймын, бірақ мен Amian қосымшасын жүктеп алып, чектерді сканерлей бастадым",- дейді Галина.
Науқан шарттары қарапайым: фискалдық чектерді Amian мобильді қосымшасының көмегімен сканерлеу және жүлделер ұтысына қатысу қажет. Акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады, деп хабарлады Қостанай облысының Мемлекеттік кірістер департаменті.
Смартфондар апта сайын ойнатылады, ал айдың соңында жеңімпаз Iphone алады . Барлығына бірдей жағдай жасау үшін әр қатысушы аптасына 20-дан аспайтын чек немесе айына 80-ден аспайтын чек жібере алады.
2024 жылғы 2 қазанда "KostanayPlaza" сауда-ойын-сауық орталығында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бағалы сыйлықтар ұтысымен "Чекті талап ет - жүлдені ұтып ал" викторинасын өткізеді. Барлығынызды викторинаға қатысуға шақырамыз.

Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Баспасөз хатшысы