Жарияланған күні: 19.08.2016 09:32
Өзгертілген күні: 19.08.2016 09:34

«Мектепке барар жол» Таран ауданы бойынша МКБ

Көптеген отбасылар үшін,  тамыз және қыркүйек айларында  ата-аналардың балаларын  материалдық жағынан мектепке дайындау  айрықша мәнді болып табылады.

          Республикасының  Тәуелсіздігінің 25-жылдығына  арналған «25  игі іс» акциясының аясында  17 тамызда Анар Бимуратованың  төрт баласы «жеңіл қолмен»  Таран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы  қаламнан бастап өзге де кеңсе тауарлары мен мектеп формасын, сонымен қатар спорттық киімін дайындады.

         Таран ауданына жақында ғана көшіп келген, жеке тұрмыс жағдайларының  қиындықтарын біліп, Таран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасының басшысы К.Т.Мұқановтың атынан бастама басталып, көмек көрсету қажет деп шешті. Енді Бимуратовтар отбасы 1 қыркүйекке толықтай дайын, балалардың алғашқы баратын мектебі - №1 ОМ. Мынаны ескеру қажет, әрбір бала өз сыйлықтарын алды, отбасының бірде бір мүшесі назарсыз қалған жоқ, сол себепті сатып алғаннан кейін, Басқарма қызметкерлеріне алғыс айта отырып, балалар  өз үйлеріне  үлкен пакеттермен қайтты.

«Мектепке барар жол» акциясына  және  белсенді  араласқан адамдарға алғыс айта отырып,  көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары  1 қыркүйекте  жаңа дәптер, қалам, оқулық, жаңа форма, аяқ киіммен  баратын болады.

 

Таран ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы