Жарияланған күні: 27.08.2024 18:26
Өзгертілген күні: 27.08.2024 18:26

Дәстүр бойынша жаңа оқу жылының басталу қарсаңында жылсайын республикалық дәстүрлі "Мектепке жол" қайрымдылық акциясы өткізіледі. Акцияның мақсаты- көп балалы отбасылар мен жетім балалар,ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға оқу жылының қарсаңында оқу жылының басталуына дайындау және әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке бара алмай қалған балаларға көмек беру. Бірінші қыркүйек барлық балалар үшін -білім күні .Ол барлық балалар үшін жас айырмашылықтарына қарамастан мерекелік күн болуға тиісті. Лисаков қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлеріде, акцияға белсене қатысып 5 сынып оқушысына жаңа оқу жылына дайындап көмек берді.

Лисаков қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.