Жарияланған күні: 31.08.2023 10:31
Өзгертілген күні: 31.08.2023 10:33

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы аптада бюджетке жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақының, орманды пайдаланғаны үшін төлемақының толық түсуін қамтамасыз ету мақсатында, «Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, «Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы» РММ және облыстың шаруашылық субъектілері – аңшылықты пайдаланушы уәкілетті мемлекеттік органдармен жұмыс кеңестерін өткізді.

Кеңес барысында мынадай сұрақтар қозғалды:
- уәкілетті органдардың жануарлар дүниесін табиғи ортадан алып қоюға арналған квоталарды шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлуі;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің бекітілген аңшылық алқаптарда және балық шаруашылығы су айдындарында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алуының толықтығы;
- әуесқойлық (спорттық) аң аулауға, балық аулауға арналған жолдамаларды сатудың толықтығы;
- ағаш кесетін, орман билеттерін алмай ағаш кесуге жол бермеу.
Өз кезегінде уәкілетті органдар, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызмет барысында туындайтын проблемалық мәселелерді айтты.
Диалог сындарлы түрде өтті, уәкілетті органдар ұсынылған өзара іс-қимыл механизмін, проблемалық мәселелерді шешу жолдарын қарауда.

Қостанай облысы бойынша МКД
Өндірістік емес төлемдер басқармасы