Жарияланған күні: 07.11.2025 17:00
Өзгертілген күні: 07.11.2025 17:03
Мемлекеттік қызмет – жай ғана жұмыс емес, ол мемлекет пен қоғам тарапынан көрсетілген ерекше сенім. 
Ол ел мүддесіне адал болуды, Қазақстан халқының тілдері, дәстүрлері мен салттарына құрметпен қарауды талап етеді. 
Мемлекеттік қызметшілер міндетті: 
мемлекеттік саясатқа берік болуға; 
өз қызметін адал, тиімді және кәсіби атқаруға; 
қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға; 
жоғары қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі осы қағидаларды бекітеді және адалдық пен кәсібиліктің негізі болып табылады. 
#МКДҚОСТАНАЙ #ДГДКОСТАНАЙ#Салықтар #Налоги #Кеден #Таможня