
2018 жылы электрондық декларациялауды енгізуге және «Астана-1» ақпараттық жүйесін іске қосуға байланысты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығының «Тауарларды кедендік тазарту» Мемлекеттік қызметтер стандартына (бұдан әрі-Стандарт) өзгертулер және толықтырулар енгізілді.
Осы өзгертулер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №1117 бұйрығымен енгізілді.Бұйрыққа сәйкес Стандарттың жаңа ережесінде, тауарлар декларациясын қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесін беру «Астана-1» ақпараттық жүйесімен жүзеге асырылады.
«Тауарларды кедендік тазарту» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде тауарларды шығару мерзімін анықтайтын, Стандарт ережесі өзгертілді, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларацияны тіркелгеннен бастап 4 (төрт) сағат ішінде шығару қажет (бұрын Стандартта мерзімі 1 (бір) жұмыс күнінін аспауы тиіс).
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік декларациялады жүзеге асыруда қаржылық жүктемесін жеңілдету мақсатында тауарларға арналған декларацияларының негізгі және қосымша парақтарының шегерімісіз, тауарларды кедендік декларациялау үшін кедедндік алымдардың бірыңғай мөлшерлемесі 20 000 теңге мөлшерінде бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 774 қаулысы қабылданды.
Осылайша, «Тауарларды кедендік тазарту» Мемлекеттік қызметтер Стандартында енгізілген өзгеріс қызмет алушы үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
Кедендік бақылау басқармасы