Жарияланған күні: 09.01.2017 16:58
Өзгертілген күні: 09.01.2017 17:00

«Мемлекеттік қызметкерлердің 230.00 н. декларациясын тапсыру»

 

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлердің және олардың жұбайларының жеке табыс салығы мен мүлігі (230.00 нысан) бойынша декларацияны ұсынудың мерзімі ағымдағы жылдың 31 наурызында аяқталатынын хабарлайды.

Барлық мемлекеттік қызметкерлерге декларацияны кейінге қалдырмай дер кезінде және оны электронды түрде тапсыруға кеңес береміз.

Декларацияны Салық кодексінің 185-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, соттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген жеке тұлғалар жасайды.

         Декларация декларацияның өзінен (230.00-нысан) және есептелген салық міндеттемесі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (230.01-ден 230.02-ге дейінгі нысандар) тұрады.

          Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.  Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде декларацияға қосымшалар міндетті толтыруға жатады. Көрсетуге жататын деректер болмаған жағдайда декларацияға қосымша жасалмайды. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші қол қояды.

Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігінің мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептігінің қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

Қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімдерінде декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

Деклацияны уақытында тапсырмағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

 

 

Қостанай қаласы бойынша МКБ