
Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы 2 және 14 мамырда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасы "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының қызметкерлері үшін оқыту семинарларын өткізді.
Семинарлардың тақырыбы Мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіндегі Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бизнес-процестердегі регламенттік іс-қимылдарды сақтау болды. Келесі қызметтерді көрсету тәртібіне ерекше назар аударылды:
Қазақстан Республикасының резиденттігін растау;
салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу;
салық есептілігін қабылдау.
Бұқаралық-түсіндіру жұмысы шеңберінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық стендтерінде көрсетілетін қызметтерді алушыларға тиісті мемлекеттік қызметтерге жүгінген кезде салық құжаттарын дұрыс ресімдеуге көмектесетін өтініштерді толтыру үлгілері орналастырылды.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтер басқармасының мамандары жоғарыда аталған бағыттар бойынша өтініштерді дұрыс ресімдеуге бағытталған бақылау нүктелері бар егжей-тегжейлі қадамдық нұсқаулықтар мен чек-парақтар әзірледі.
Жүргізілген жұмыс азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жетілдіруге бағытталған.