
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облыстық филиалының қызметкерлеріне оқыту семинарларын өткізді.
Семинарлардың басты тақырыбы – мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында бизнес-процестердегі регламенттік іс-қимылдарды сақтау болды.
Негізгі назар келесі мәселелерге аударылды:
Қостанай облысында тіркеуде тұрған қызмет алушылар үшін Қазақстан Республикасының резиденттігін растау;
Салықтар мен бюджетке төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке алу және қайтару;
Салық есептілігін қабылдау.
ХҚКО ақпараттық стендтерінде өтініштердің толтырылған үлгілері орналастырылып, құжаттарды дұрыс және ыңғайлы рәсімдеу үшін қадамдық нұсқаулықтар мен чек-парақтар әзірленді.
Жүргізілген жұмыс азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.




























