Жарияланған күні: 04.07.2025 10:45
Өзгертілген күні: 04.07.2025 10:46

Мемлекеттік шекарадан өтуге арналған электрондық кезек ережелеріне өзгерістер енгізілді

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдары, жүк пен тауарларды өткізу тәртібін жетілдіруге бағытталған №707 бұйрығына өзгерістер жобасын әзірледі. Өзгерістер құқық қолдану тәжірибесі мен тасымалдаушылардың өтініштерін ескере отырып дайындалды.

 Негізгі жаңалықтар:

    Бронь түрлері нақты ажыратылды:

    ▪️ Кәдімгі бронь – 1 АЕК

    ▪️ Жедел бронь – 100 АЕК

    ▪️ Кезектен тыс өту – 1 АЕК

    ▪️ Қайта брондау – 100 АЕК

    ▪️ Кепілдік жарна – 20 АЕК

    Кепілдік жарна енгізіледі — 20 АЕК пайдаланушының есепшотында бұғатталып, егер көлік келмесе, қаражат есептен шығарылады. Бұл жалған брондауларды (40%-ға дейін) азайтуға мүмкіндік береді.

    Күту аймағын ұйымдастыру міндеті жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

    VIN-код бойынша бақылау нақтылауға алынды. Жалған деректер үшін аккаунт бұғатталады.

  «Бүркіт» жүйесімен интеграция қамтамасыз етіледі — шекарадан өткені дәлелденеді.

    SMS және мессенджер арқылы тіркелуге рұқсат берілді.

    Броньды ауыстыру мен жоюға 1 рет шектеу қойылады.

    Бір көлікке әр бағыт бойынша бір белсенді броньға рұқсат етіледі.

    Арнайы жүк түрлеріне басымдық берілетін слоттар бөлінеді (тірі жануарлар, тез бұзылатын және қауіпті жүктер).

   Бұл өзгерістер жүйенің тиімділігін арттырып, жалған брондау мен асыра пайдалануға қарсы күресугебағытталған.

 

 

Қостанай облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті