Жарияланған күні: 02.08.2024 10:11
Өзгертілген күні: 02.08.2024 10:16

Декларациялау жүйесіне шамамен 13 млн адам кіреді.
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі декларациялардың екі нысанын ұсынудан тұрады, бірінші рет тапсырылатын (250.00-нысан)  активтер мен міндеттемелер туралы декларация және кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан), ол жыл сайын тапсыру болып табылады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда (250-нысан) Шетелдегі және ҚР-дағы активтерді барынша сенімді түрде декларациялау қажет. Болашақта активтердің құны салық салынатын табысты айқындау кезінде ескерілетін болады.
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберіндегі салықтық бақылау  шығыстарды жеке тұлғаның кірістерімен салыстыру болып табылады. Сонымен, қатар егер жеке тұлға өз кірістерін жарияламаса, онда қымбат мүлікті сатып алу кезінде мұндай мүліктің құны салық салынатын табыс ретінде танылады және 10% ставка бойынша жеке табыс салығы салынады.