Мүлікті заңдастыру барысы туралы
2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Республикада мүлікті заңдастыру бойынша акция жүргізілуде.
Бұл бір реттік акция көлеңкелі экономиканы қысқарту, ел экономикасына қосымша қаржыны тарту мақсатында жүргізіледі және барлық тілек білдірушілерге өз мүлігін жедел және оңай тәсілмен заңды түрде заңдастыруға көмек көрсетуге шақырылған.
Аталмыш акцияға қатысуға құқығы бар тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты бар тұлғалар.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің деректері бойынша ағымдағы күнге облыстың мемлекеттік органдары арқылы декларация ұсынумен 550 объект заңдастырылды, олардың құны 22 232 516,4 мың теңгені құрады. 8 312,2 мың теңге алым төленді.
Объектілер қатарына тұрғын үйлер, құнды қағаздар, есеп шоттары, ақшалар кірді.
Облыс тұрғындары ресми түрде шетелдегі 27 пәтерді, 2 тұргын емес объекті 78 397 мың теңге сомаға, облыс аумағындағы жылжымайтын 164 объектісін 1 973 754,4 мың теңге сомаға, шетелдегі 150 мың акцияны, қазақстандық екінші деңгейлі банктердегі 301 есеп шоттары 16 670 496,6 мың теңгеге және 2-Қазақстан Республикасынан тыс 856 мың теңгеге, 22 қатысу үлесі заңды тұлғада 86 004,1 мың теңгеге, сондай-ақ 3849 мың теңге сомасына қолма қол ақша қаражаты ресімделді.
Жүргізіліп жатқан мүлікті заңдастыру өз жылжымайтын мүлігін заңдастыруға азаматтарға жақсы мүмкіндік. Мүлікті заңдастыру мәселелері бойынша өткен жылдың аяғында енгізілген өзгерістер мүлікті заңдастырушы азаматтарға қосымша кепілдік ұсынады.
Енді мүлікті заңдастырумен байланысты ақпарат банктік және салықтық құпия болып табылады, оны таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Заңдастырылған мүлік тәркіленбейді. Заңдастыру субъектілері құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдар тарапынан заңға қайшы әрекеттерден сақтандырылған. Қылмыстық істерді қозғауға немесе ол бойынша факті ретінде мүлікті және ақшаны заңдастыруды пайдалануға болмайды.
Департамент өз мүлігін заңдастырмаған тұлғаларға бұл құқықты пайдалануға үндейді. Заңдастырудың 2016 жылғы 31 желтоқсанына дейін ұзартылатынын еске саламыз.
Оларға құқық ҚР заңнамасына сәйкес ресімделмеген мүлікті заңдастыру үшін құжаттар беру мерзімі 2016 жылдың 30 қарашасында аяқталады, өзге мүлік бойынша – заңдастыру мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей.
Департаменттің баспасөз қызметі




























