Мәжбүрлеп өндіріп алу әдістері мен шаралары тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қолданылады.
Берешекпен жұмыс басқармасының бас маманы Досымқан Айбасов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында сөз сөйледі. Ол мемлекеттік кірістер органдары мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуға міндетті екенін айтты.
Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдеріне мыналар жатады:
- бюджетке төленбеген салықтар мен төлемдер сомасына өсімпұл есептеу;
- банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
- касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
- мүлікке билік етуді шектеу.
Сондай-ақ, спикер салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мынадай тәртіппен жүзеге асырылатынын айтты:
1) банк шоттарындағы ақша есебінен;
2) дебиторлардың шоттарынан;
3) билік етуі шектелген мүлікті өткізу есебінен;
4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде
Жоғарыда көрсетілген мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шаралары Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, резидент нестерге, дара кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын адамдарға қатысты қолданылады.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз әрқашан Мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталығына жүгіне аласыз