«Электрондық шот – фактура туралы»
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушулер назарына, Қазақстанда 2014 жылғы 1 шілдеден бастап ерікті негізде электрондық шот – фактураларды (ЭШФ) қолдану мүмкіндігі пайда болды. Батыс Еуропа елдерінде шот – фактуралардың 90 % электрондық түрде өнделеді. Ресей ерікті негізде электрондық шот – фактураларды 2011 жылдан бастап, Әзірбайжан 2010 жылдан бастап пайдаланады.
· ЭШФ жазбасы Электрондық шот – фактуралардың ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) жүргізіледі, оның әкімшісі болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті табылады.
· ЭШФ АЖ ақысыз негізде жүзеге асырылады.
· ЭШФ жазып беру үшін ЭШФ АЖ-ға тіркелу және ЭШФ АЖөның қатысушысы болу қажет.
· Егер сіз бір шот фактураны қағаз тасығышта да, сондайақ электрондық түрде жазып берген жағдайда, түпнұсқа (төлнұсқа) болып ЭШФ АЖ –ға қамтылған құжат табылады. ЭШФ- нің қағаз тасығышта немесе электрондық түрде көшірмелері болуы мүмкін.
· ЭШФ салық заңнамасымен белгіленген уақыт мерзімінің өтуі ішінде ЭШФ АЖ-да сақталады және кіруге рұқсат берілменгендерден қорғалған.
Электрондық шот – фактураларды қолдауға көшкен қосымша салық төлеушулерге келесі артықшылықтар беріледі.
· ЭШФ-сны жазу уақыты 7 күннен 15 күнгедейін ұзартылады.
· Сатылған тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулер (300.07) және (300.08) тізімін тапсырмау мүмкіндігі.
· Қағаз- құралын және мөрді дайындау уақытын үнемдеуге.
· Қате жібермеудің алдын алу, үйткені ЭШФ логикалық тұрғыда қателіктерді тексереді.
· Кей-бір алғашқы есеп құжаттырын қайта дайындаудан құтылуға мүмкіндік береді.
· ЭШФ жедел жеткізу, оның орналасқан жеріне қарамастан сатып алушымен өнім берушінің арасында ЭШФ жедел хабар алмасу мүмкіндігі.
· Егерде тауарлар алушы, жұмысты, қызметті мемлекеттік мекемелерге көрсетілсе Қазна комитеті төлемді төлеу үшін электроннық шот-фактураларды автоматты түрде дайындалады.
· ЭШФ –ын шетел валютасымен жазу мүмкіндігі.
· Өз қызметкерлеріне шот фактура құқықтарын беруге мүмкіндігі
· Заңды тұлға өкілдік бөлімдерінің жазған ЭШФ-ларын басқарып-қадағлау мүмкіндігі .