БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Оқиға: «Фемида+ тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы» ұйымдастырған Қостанай мемлекеттік университетінің азаматтық құқықтар және үрдістер кафедрасында дөңгелек үстел.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: жастар арасында құқықтық сауаттылықтың маңызды проблемаларын қарастыру және тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ұйым қызметін реттеу.
Мақсатты аудитория: профессорлық-оқытушылық құрам, заң факультетінің студенттері, мемлекеттік мекемелер және жеке ұйымдар өкілдері.
Кездесуге Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы М.М. Ескендиров және түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Б.У. Ерменов қатысты.
М.М. Ескендиров Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметі және құрылымы туралы айтты, Департаменттің мақсат-міндеттеріне, жаңа қызметкерлерді жұмысқа қаблдылдау жөнінде толығырақ тоқталды,
Б.У. Ерменов «Чекті талап ет – жүлде ұтып ал!» акциясының жүргізілу тәртібін түсіндірді, сонымен қатар акция жүргізудің мақсаты, нәтижесін шығару, жеңімпаздарды анықтау және бағалы сыйлықтар табыстау туралы айтты.
Сондай-ақ, МКД қызметкерлері дөңгелек үстел барысында ҚМУ студенттерінен түскен сұрақтарға жауап берді.