Жарияланған күні: 15.07.2015 15:29
Өзгертілген күні: 15.07.2015 15:34

«Түбіртекті талап ет –  жүлдені ұтып ал!» акциясы

2015 жылғы 9 шілдеде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет –  жүлдені ұтып ал!» акциясының 2-кезеңінің жүлделерінің кезекті ұтысы өткізілді.

Осылайша, маусым айына акцияның бірінші кезеңінің жеңімпаздары арасында ұтыс купонын кездейсоқ таңдау арқылы – 2015 жылы 9 желтоқсанда Астана қаласында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткізілетін бас жүлденің ұтысына қатысуға үміткер анықталды. Ол Лисаков қаласының 10 жасар тұрғыны – Қуантаев Данияр атанды.

Сондай-ақ, екінші кезеңнің жеңімпаздары және бағалы жүлделер  иелері:

-         Смартфон – Қостанай қаласының тұрғыны - Брагинец Ирина Григорьевна;

-         Мультиварка – Рудный қаласының тұрғыны Жұмабаев Ғабдула Авсакович.

Акцияның екінші кезеңінің барлық 19 қатысушылары Қостанай облысы бойынша МКД басшысы А.Паяевтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан республикалық акция туралы халықты кеңірек ақпараттандыру мақсатында тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау іс шаралары жүргізіледі.

Барлығы Қостанай облысында 20 аудандық орталықтар және қалаларында  20 чектерді купонға ауыстыру пункттері ашылды.