«Медиатор дегеніміз кім?»
Медиатор судьяны алмастырмайды. Ол жеке және заңды тұлғалар үшін дауларды шешудің балама неғұрлым аз шығынды тәсілін ұсынады. Медиатор — бұл сот жүйесіне жатпайтын және сот көмекшісі болып табылмайтын кәсіби делдал. Медиаторға жанжалдарды реттеуге азаматтардың өздері жүгінеді. Ол өз кезегінде олардың дауларын талқылау барысында тараптарды өз кезегінде шешім табуға көмектеседі.
Медиатор – Заңның талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптармен қатыстырылатын тәуелсіз жеке тұлға. Медиатор қызметтері тараптардың келісім бойынша медиатордың жұмыс төлемі ақылы негізде жүргізіледі.
Медиатор келесі іс-шараларды жасайды:
· Келіссөздер процесін ұйымдастырады (тараптардың мақсаттарын, құқықтарын және міндеттерін түсіндіреді);
· Әр тарапты тыңдайды (кездесулер: жеке/бірлескен);
· Жағдайды иландырмен емес, сұрақтар жолымен зерттейді;
· Басқа тарапқа ақпаратты бермейді және кеңес бермейді;
· Медиация процесін бақылайды (фрейм, рефрейминг қалыптастырады);
· Жанжалды шешудің балама нұсқасын табуға тараптарға көмектеседі;
· Шешімдердің ұсынылатын нұсқаларынм шындыққа талдайды (тексереді);
· Дауға қатысушылар үшін қол қойғаннан кейін міндетті болатын келісімді дайындайды.
Кодекске сәйкес медиатор құқылы:
· Қылмыстық процеске әкелетін медиация тарапымен ұсынылатын ақпаратпен танысуға;
· Медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылар туралы деректермен танысуға;
· Медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылармен қылмыстық-іс жүргізу заңына сәйкес жеке жәнесаны мен ұзақтығына шектеусіз мұқият кездесуге;
· келісуге жету туралы тараптарға жеткізу туралы келісімду жасауға әрекеттесу.
· Медиатор үкім заңды күшіне енгенге дейін қылмыстық процестің келесі кезеңдерінде және қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламалар және өтініштерді тіркеген сәттен бастап медиация рәсімін жүзеге асыруға құқылы.
Медиатордың міндетті:
· Медиация жүргізуде тек медиация тарапынан келісіммен ғана әрекет ету.
· Медиация басталғанға дейін оның мақсаттарын, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін тараптарға түсіндіру.
· Медиация рәсімін жүргізумен байланысты оған белгілі болған мәліметтерді жария етпеу.
Медиатордың салық міндеттемелері?
Кәсіби медиатордың табысына салық салуға қатысы мәселелер 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық Кодексінің жекелеген ережелерімен реттеледі. Кодекске сәйкес жеке тұлғаны жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде есепке тіркеу нотариалдық қызмет, атқару құжаттарын орындау бойынша қызметтер, адвокаттық қызмет, медиация тәртібінде дауларды реттеу бойынша қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін жеке тұлғаның салықтық өтініші негізінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүргізіледі.
Салық Кодекске сәйкес жеке кәсіпкерлер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар төлеу күнінде әрекет ететін және республикалық бюджет турады заңмен белгіленген 2 АЕК әлеуметтік және әр қызметкер үшін бір реттік мөлшерде 1 АЕК салық есептеледі.
Қостанай қаласы бойынша МКБ