Жеке тұлғалардың салықты төлемеу немесе толық төлемеу кезінде мемлекттік кірістер органдары қолданатын іс шаралар туралы
Бүгінгі күнде облыстың мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың мүлікке, жер салығына, көлік құралдарына салықты төлемеуін кездестіруде. Облыс тұрғындарының негізгі бөлігі аталмыш салық түрлерінің салық міндеттерін уақытылы төлеуде. Сонымен қатар төлеушілер тарапынан салықты төлеу фактілері орын алып жатуда.
Облыстың мемлекеттік кірістер органдары салық берешегін өндіріп алу бойынша үнемі жұмыс жүргізуде, соның ішінде есептеу және төлем мерзімдерінің тәртібі туралы ақпаратты халықтың назарына жеткізу жолымен жүргізуде.
«Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV кодексінің 409-бабының 7-тармағына, 391-бабының 3-тармағына сәйкес үйлердің, саяжайлардың, гараждардың меншік иесі болып табылатын жеке тұлғалар мүлік және жер салығын ағымдағы салық кезеңінің 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
ҚР Салық кодексінің 369-бабының 3-тармағына сәйкес меншік құқығында көлік құралдары бар жеке тұлғалар, тіркемесін қоспағанда, мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) Қазақстан Республикасында тіркеуде тұрған, көлiк құралдарын тiркеуден, қайта тiркеуден немесе мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзген жағдайда, жеке тұлғалар көрсетiлген әрекеттердi жасағанға дейiн көлік құралдарына салықты төлеуге міндетті, өзге жағдайларда салықты төлеу салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмей жүргізіледі.
Салықты төлеу мерзімдері бұзылған жағдайда, салық міндеттемесінің орындалуын өткізіп алған әрбір күн үшін салықты төлеу мерзімінен кейінгі күннен бастап қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде жүргізіледі. Бірнеше жыл ішінде салық міндеттемесінің орындалмауы немесе толық орындалмауы үшін өсімпұл сомасы берешек сомасынан 40 % құрайды, бұл есептен шығарылуға жатпайды.
ҚР Салық кодексінің 622-бабына сәйкес салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында үстіміздегі жылдың басынан бастап 3000 астам талап-арыз сотқа жолданды, олардың ішінен 1272 арыз бойынша облыстың сот орындаушылары берешекті мәжбүрлеп өндіріп алды.
Салық берешегі бар тұлғалардың елден шығуына уақытша шектеу бөлігінде жұмыс белсендірілді, яғни салық бойынша берешегі бар салық төлеушілер елден ешбір кедергісіз шыға алмайды. 2015 жылғы шілде айында облыстың мемлекеттік кірістер органдыры 304 салық төлеушіге қатысты елден тыс шығуына шектеу қою үшін уәкілетті органдарға материал жолдады.
Жазғы демалыс кезінде салық берешегінің бар болуынан шығарылмау тәуекелдерін азайту мақсатында, салық төлеушілер өздерінің салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру керек екеніне салық төлеушілердің назарын аударамыз.
Мемлекеттік кірістер органдарының салық берешегінің бар болуы туралы телефон қоңырауы, ескертпе хаты бойынша салық бершегін төлеу, келіспеген жағдайда салыстыру жүргізу қажет. Облыстың аудан және қалалар бойынша мемлекеттік кірістер органдарының телефон нөмірлері туралы ақпарат Қостанай облысы бойынша Мемелекеттік кірістер департаментінің Web-сайтында орналасқан. Салық төлеушілер салық сомасын есептеуді web сайт http://www.kgd.gov.kz, «Электронные сервисы», «Калькулятор» қолдану арқылы, көлік салығын есептеуді тиісті бағандарды толтыру жолымен жүргізе алады.
Құрметті салық төлеушілер, салықты төлеу елдің әр азаматының конституциялық міндеті болып табылады.