
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке сот орындаушыларымен және жол полициясымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Мәселен, 2023 жылғы 16 және 20 маусымда Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері және жеке сот орындаушылары Р. Б. Сайменов және К. Т. Күлшманов 2 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Қостанай қалалық соты екі тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.
Сондай-ақ, 2023 жылғы 21 маусымда М есімді азаматқа тиесілі ВАЗ 21093 маркалы көлік құралы ұсталды.
Ұсталған көлік құралы иесінің көлік салығы бойынша 50 000 теңге сомасында берешегі болған.
Осыған байланысты жеке сот орындаушысымен осы көлік құралын берешек толық өтелгенге дейін арнайы тұраққа орналастыру туралы акт жасалды.
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мұндай жағдайларды болдырмау үшін салықтар бойынша берешекті салыстырып тексеруге және төлеуге шақырады.
Берешекті e-SalyqAzamat мобильді қосымшасы, салық төлеушінің кабинеті, сондай-ақ мемлекеттік кірістер басқармасына (87142)28-40-27, (87142)28-30-31 телефон нөмірлері бойынша қоңырау шалу арқылы білуге болады
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.