Жарияланған күні: 26.06.2025 11:21
Өзгертілген күні: 26.06.2025 11:22
РФ кіру шарттарының өзгеруі
Ресей Федерациясы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №1510 қаулысына сәйкес, 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Ресей Федерациясына кіру және шығу шарттарын апробациялау бойынша эксперимент басталды.
Эксперименттің мақсаты — шетел азаматының цифрлық профилін жасау, оны екі кезеңде іске асыру көзделуде.
Бірінші кезең 2024 жылғы 1 желтоқсаннан 2025 жылғы 30 маусымға дейін келесі халықаралық әуежайларда өткізіледі: Шереметьево, Домодедово, Внуково, Жуковский (Мәскеу облысы), сондай-ақ Самара облысындағы «Алексеевка» автомобиль өткізу пунктінде. Аталған орындарда биометриялық деректер (бет бейнесі мен саусақ іздері) жиналады.
Екінші кезең 2025 жылғы 30 маусымнан 2026 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңді қамтиды.
Сонымен қатар, Ресей Федерациясына визасыз тәртіппен (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары, Беларусь Республикасынан басқа) кіретін шетел азаматтары кіру күнінен кемінде 72 сағат бұрын немесе кіргеннен кейін 4 сағат ішінде «цифрлық профиль» арқылы тіркеуден өтуге міндетті.