Жарияланған күні: 05.09.2024 12:18
Өзгертілген күні: 05.09.2024 12:19

2024 жылғы 04 қыркүйекте Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы "Ашық есік күнін"өткізді.
МКБ қызметкерлері салық төлеушілерді қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес берді. Жалпыға бірдей декларациялау бойынша нысандарды толтыру, жеке тұлғалардың банкроттығы, "е-Salyq Azamat" "е-Salyq Business" мобильді қосымшаларын қолдану, тауарлармен электрондық сауда, "salyqbot" – цифрлық салық консультанты туралы сұрақтар жиі қойылды. Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.