
Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен 2018 жылдың 30 мамырында Лисаков қаласының техникалық колледжі студенттерімен кездесу өтті. Кіріспе сөзбен Лисаков қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Б.Қ. Жухин қысқаша Салық кодексіндегі өзгерістер туралы баяндады. Колледж студенттерімен қызықтыратын сұрақтар қойылды, мысалы көлік құралдарына салық төлемегені үшін қолданылатын шаралар, сенімхат арқылы танымайтын адамға көлік сатып, ол өз кезегінде салық төлемеген жағдайда есептен қалай шешуге болатыны жайлы және т.с.с.
Одан кейін басқарманың бас маманы Е.Қ. Ергалиев 2018 жылдың 21 мамырынан «Чек талап етіп жүлде ұтып ал!» акциясы бастау алғанын айтты. Қысқаша акцияның өту тәртібі және мерзімі туралы түсінік берді.
Барлық қойылған сұрақтарға студенттер Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінен нақты ақпараттар алды.