Салықтөлеушілердің назарына !!!
Тақырып «Субсидия алатын ауылшаруашылықтауарөндірушілерден
түсетін салық түсімдерінің тиімділігі»
Өздеріңізге белгілі, біздің өңір, аграрлық аймақ болып табылады және республикада ауылшаруашылығы дақылдарының егіс ауданы бойынша бірінші орын алады - 5 087,8 мың га.
Агро-өнеркәсіп кешенінін мемлекеттік реттеудің маңызды құралы болып, мемлекетпен саланы қаржылық қолдау болып табылады, оның ішінде субсидиялардың көмегімен.
Ауыл шаруашылығынан түсімдердің көлемі 2015ж. 4 110,7 млн. теңгені немесе ауыл шаруашылығы бойынша ЖАӨ-нен 1,7% құрады (238 258,8 млн.теңге), ал субсидиялаудың көлемі 16 952,6 млн. тенге құрады, яғни бюджеттке түсімдерден 4 еседен артық.
2014жылы да осыған ұқсас жағдай, бюджетке түсім 4 892,7 млн. теңге сомасында болғанда, аталған саланы субсидиялау 3 еседен артық (13 926,5 млн.теңге).
Көріп отырғанымыздай салық жүктемесі айтарлықтай төмен, оның өзін мемлекет артығымен орнын толтырады. Мемлекет алдағы уақытта бөлінетін субсидиларды көбейту саясатын ұстайды, алайда салық заңнамаларына аграрлық салаға салық жүктемесін арттыратын бірқатар өзгерістер енгізу жобалануда.